
guitar, electronic, emo, , rap

guitar, electronic, emo, , rap
Lyrics
Уайымдама! Кеш, болды деп....
Ақ жейдені кірлеттім деп уайымдама,
Бізді құртар сәтіндегі уайым ғана,
Әрекет пен амал жаса бәрі болат,
Лас жейдені тазартатын сабыр менен сабын ғана..
Кейде бәрі шаршатады жалығасың,
Уайымсыз жастық шақты сағынасың,
Бала болып тағы бір күлсем ғой деп,
Сарғайып іштей бір сарыласың.
Ойлап ойлап өткенді еске алып,
Кей біріне күлкің келеді, кейде ұялып,
Кей бір тұсын әттең деп мүмкін болса,
Өзгерткің-ақ келіп тұрады қайта оралып.
Өмір өзі үш өткел көпірдей бір,
Кешегі күнің алыстағы өкілдей бір,
Бүгін дұрыс қадам егер баспасақ біз,
Ертеңіміз жалбыраған кекілдей бір.
Өткенімді қайталай алмайды екем,
Сол себепті бүгініме болдым бекем.
Армандағы гүлденген ертеңіме,
Осылайша оп-оңай жетеді екем.
Әр ісім жақсылыққа толы болса,
Осылайша Нұрболдың жолы болса,
Ажырамай мәңгілікке жабысып тұратын,
Шіркін-ай жүрегімде иман болса
Ойланайық тағы да ойланайық,
Алланы жиі еске, ойға алайық.
Сөзімізге, ісімізге бекем болып,
Өзімізді Алла қалауымен қолға алайық..
11.09.2025
