MusicMint AI Music Generator Logo
MusicMint

lofi

Мая·2:13

Lyrics

Жүрегімнің жайдары көктемі екенсің
Өзіңсіз күндер-түндер өткені де шын
Бір күні мен ұмытып кетер демегін
Бәрібір жаным “амал дәптерімдесің”

Өшпестей естелік сыйлағаның шын,
Қоштасқым келмей қимағаным шын,
Тыйыламын деп мына сезімдерімнен
Өзімді өзім тыймағаным шын

Білемін саған да ауыр екенін
Менде бір күн басқа жан тауып кетермін
Ойлап қалма жүрегім сүймеді екен деп
Бәлкім сені мәңгіге сүйіп өтермін.

Қиын болып тұрғаны-ай қоштасудың
Білем дұрыс емесін от басудың
Жарығым, мойныңа кінә артпаймын
Білдім ғой менде барын отбасыңның.

Өрт боп жанып тәтті азаптың төрінде
Күйіп тындық екі жақта бүгінде
Шешімдердің ең дұрысы осы болар,
Жіберейін енді өзіңді жөніңе.

Тек өтінем, кеткенсоң бұрылмағын
Жетер осы соқпақтарға ұрылғаным
Бұл ісіміз алда талай сұралады,
Оған дейін жаным сенде жығылмағын.

Бақыт тілеп әуре болмайын мен де саған
Соңғы сөзді айтпаяқ қой сен де маған
Өзгеменен бақытты болармын деп
Өз бақытын жылатып кеткен адам.

Like this song? Create something similar

Related AI Music Generators