MusicMint AI Music Generator Logo
MusicMint

lofi

Мая·2:42

Lyrics

Жаным, мына махаббатқа күйіп барам
Сенде келдің бар сезімді жиып маған
Асылым, саған өкпе төкпеймін мен
Өз жүрегіме өкпелімін сүйіп қалған

Сен сүйдің, менде сүйдім, шара қанша
Қарсы жүз ағындарға шамаң болса
Неге бізді қоспады деп өкпеліміз
Тағдырға өкпеліміз амал қанша

Сен дегенде жаным мынау алып ұшар
Мен дегенде сендік жүрек сағынысар
Қоштасамыз дейміз де қоштасалмай
Сезімдер ғой, жібермейді, тағы құшар.

Жібере алмаймын жүрегім, не істейін
Сен де мені қимайсың ғой бір іштейін
Арамызда қамал бар алынбайтын
Айтшы қалқам не істейін? не істейін?

Сонша сөздер, сонша сезім арнап едік
Бірге неше арман қиял самғап едік
Соның бәрі өңімізге айнала алмай
Бұл тағдырға өкпелі болып қалған едік

Мына басым сені ойласам ауырады
Тек сенімен жүрек дерті сауығады
Жүректерді бір қылып, жанды бөтен
Өртеп өзек жаным соған қамығады

Өкпелі болып өтемізбе біз тағдырға
Кетейікші артымыздан із қалдыра
Тарихта қалатындай бұл романның
Өтейікші отын үрлеп біз жандыра.

Like this song? Create something similar

Related AI Music Generators