MusicMint AI Music Generator Logo
MusicMint

Мүлігіме.

Однокласснице , Ода, Male Vocals, Guitar, Electronic

МҮЛІК АУЫЛЫ·3:48

Lyrics


Өзіңде өтті күндер Еркелікпен,
Балаң ем Бахытымды ерте күткен.
Сексеуіл - сезім шоғын сөндіре алмай,
Отырмын өлең жазып өртеніп мен.
[куплет 2]
Мүлігім- айналайын құмды бел ең
Мен сенің аспаныңнан мұңды көрем.
Кептері көңілімнің саған ұшты,
Бүр жарып жүрегімде жыңғыл-өлең.
[куплет 3 ]
Аспаның тұрсын сенің арайланып,
Сен үшін түсем күйге қалай ғаріп.
Ақын ғып жүрегімді жылаттым мен,
Боз жаптың жағасына талай барып.

Сырларын жүрегімнің саған аштым,
Сен менің арманымды ала қаштың.
Қол бұлғап тұр ғой міне қыр астында,
Қоспан құм, Метер қала, Жалаңаш құм.

Сендегі сиқыры бар əр төбенің,
Тербейді жүрегімді тал-терегің.
"Кір жуып, кіндік кескен" Мүлігім-ау,
Мен сенде тумағанда қайтер едім.

Сен менің бозаң белім, бозаң далам,
Көркінен көрген жандар көз алмаған.
Мейлі, жұрт, айта берсін мінеп сені,
Бəрі де сендегінің гөзал маған.

Атыңнан айналайын, Мүлік-мекен,
Сырыңды сірə менше кім ұқты екен?
Өлмейтін өлең жазып, есіміңді
Мен сенің аспаныңа іліп кетем!

Like this song? Create something similar

Related AI Music Generators